Қабылдау комиссияларының байланыстары

«ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА сыйлығына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар  сыйлығына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы –  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жыл сайын ұсынылады.

Байқау –  әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы номинациялары бойынша өтеді. 

Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтынан алуға болады (qogam.gov.kz).

Өтінімдер Ізденушілердің құжаттарын 2019 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті келесі мекенжай бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел көшесі, 8, Министрліктер үйі
(15-кіреберіс, 549 кабинет), 8/7172/74-05-25, 8/7172/74-18-43 және                                        

premiya.daryn2019@gmail.com эл. пошта арқылы қабылданады.

Дарын 2019

Яндекс.Метрика