Қабылдау комиссияларының байланыстары

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу

2019 жылғы 3-4 мамырда  Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинарға проректорлар, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы мен білім беру бағдарламасын әзірлеуге жауапты мамандар қатысты. Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, семинар спикері Г. Есенбекова білім беру бағдарламасын әзірлеуде басшылыққа алатын нормативтік құжаттармен таныстыра отырып, бағдарламаны әзірлеудің тиімді жолдарын үйретті.

Яндекс.Метрика