Қабылдау комиссияларының байланыстары

Біз – салауатты болашақ үшін

Бүкіл әлемдік ЖИТС-қа қарсы күрес күні қарсаңында 2018 жылдың 28 қарашасында Академияның акт залында Денасаулық сақтау басқармасының, Астана қ. ЖИТС алдын алу және күрес орталығының мамандарының қатысуымен «Біз – салауатты болашақ үшін» кең ауқымды акциясы өтті.
Акцияны Орталықтың бірінші санатты эпидемиолог-дәрігері Нұргалина Динара Сәбитқызы құттықтау сөзбен ашып, жастарды өз денсаулығын сақтауға және жауапкершілікпен қарауға, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақырды, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және қорғану шаралары, сондай-ақ стигма және кемсітушілік туралы айтып берді.
Акцияның қызықты бөлігі сұрақ және жауап викторинасы болды. Викторина жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етілді: жол сөмкелері, доптар, рюкзактар. Викторинадан кейін акцияға қатысушылар мамандармен иммун жүйесі деген не, инфекцияны жұқтырудан қорғану тәсілдері, адамдардың құқықтары және тағы басқа мәселелерді талқылады. Акция кезінде қатысушылар АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтіп, мамандардың консультациясын алу мүмкіндігіне ие болды.
Акция барысында «Есірткіге жоқ де!» бейнеролигі көрсетілді, іс-шара соңында аспанға қызыл әуе шарлары ұшырылды.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты өз денсаулығы үшін жауапкершілікті қалыптастыру, профилактикалық тексерулерден уақытылы өту, туберкулез, АИТВ және ЖИТС-инфекцияларының алғашқы белгілері жөнінде халықтың хабардарлығын арттыру болып табылады.

Яндекс.Метрика