Қабылдау комиссияларының байланыстары

Біз – бір отбасымыз!

2018 жылғы 22 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясы тұрғын үй корпусында интернат тәрбиеленушілерімен «Біз – бір отбасымыз» әлеуметтік-психологиялық тренингі өтті. Балалардың назарына қысқа метражды бейнеролик ұсынылды, онда фильмнің кейіпкерлері бірлік, ынтымақ және өзара қолдаудың арқасында өз өмірлерін құтқарып қалған, фильмнен кейін бірлік және өзара түсінушілік күші туралы өсиет әңгімелерді тыңдап, пікір бөлісті.
Тренингке қатысушылардың ерекше белсенділігі әртүрлі психологиялық ойындарда көрінді. Оңай сұрақтарға жауап бере отырып, өзі туралы жаңа нәрсе білу әркім үшін қызықты болды Жастар комитетінің белсенді қолдауымен іс-шара соңында әсерлі музыкалық флешмоб өтті. Бұл тренингті өткізудің негізгі мақсаты өзара қарым-қатынастарды орнату арқылы командада әрекет ету шеберліктерін қалыптастыру.

Яндекс.Метрика