Қабылдау комиссияларының байланыстары

Берекелі, мерекелі алтын күз

Академияда «Берекелі, мерекелі алтын күз!»  тақырыбына шығармашылық жұмыс көрмесі өтті. Қатысушылар табиғи материалдан нағыз өнер туындыларын жасады. Күздің қайталанбас бейнесін ашып көрсетілген бірегей туындыларды балаларымен бірге жасаған отбасыларды атап өтуге болады.Өздерінің авторлық жұмыстарын  Нам Екатерина – «Үкі» картинасы, Омар Зарина –«Балерина» картинасы (4 сыныптың оқушылары), Дүзелбай Әлима – «Шырша», Серік Самира – «Үй және қуыршақ» (3 сынып оқушылары), Дәрібаев Алдияр, Ду Юфэй, Нұрлан Айбар –«Көңілді достар» композициясы (2 сынып оқушылары), Байдарбекова Алуа – «Золушканың күймесі», Базарбай Томирис – «Көңілді машинка», (1 сынып оқушылары) және басқалар көпшілік назарына ұсынды, 5-8 сынып оқушылары «Күз сыйлары» қабырға газетін  шығарды.

Күз – өнім жинайтын кез, сонымен қатар фантазия мен  шығармашылық үшін ең тамаша уақыт! Тамаша  жұмыс авторларына және оларды ата-аналарына шын жүректен алғыс айтамыз!

Яндекс.Метрика