Қабылдау комиссияларының байланыстары

Балаларға жақын боламыз

Академия мамандарының біліктілігін арттыру жаңа оқу жылына даярлықтың негізгі кездерінің бірі, атап айтқанда 2018 жылғы 23-24 тамызда Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиешілері «Балалардың жас дағдарыстары» тақырыбында тренингтен өтті.

Биыл треннингті жеке тұлғалық және жас дағдарыстары психотерапиясы саласындағы маман, акккредиттелген жаттықтырушы, Психологиялық қызмет орталығының директоры Куликова Людмила Генриховна өткізді. Тренингте балалардың жас дағдарыстарының теориялық аспектілері, сыни жастан өту ерекшеліктері мен мағыналары, кішкентай мектеп жасындағы балалармен, жасөспірімдермен және бозбалалармен өзара іс-қимылдың тиімді әдістері қарастырылды.  Қатысушылар эмоциялық тұрақсыздықтың алдын алу тәсілдерімен және оқиғаға өз қарым-қатынасыңды қалай өзгертуге болатыны жайлы ұсынымдармен танысты. Психолог дағдарыстың балаларға тигізетін әсері, тәрбие үдерісінде көмектесетін ішкі және сыртқы ресурстар жайлы айтып берді.

Жыл сайынғы оқу жылына дайындалу үрдісі педагогтардың, сондай-ақ тәрбиешілердің, себебі еліміздің барлық өңірінен келген балалар уақыттың барынша көп бөлігін олардың қарауында өткізеді, білім деңгейін арттырумен қамтамасыз етіледі.

 

Яндекс.Метрика