Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ашық сабақтар апталығы

Өткен апта бойы қосымша білім беру бөлімі «La petite fleur» балаларды эстетикалық дамыту студиясы және “Шығармашылық шеберханасының” бағыттар бойынша ашық сабақтар өткізді. Жылдан жылға оқушылардың ата-аналары балалардың оқуына қатысты көптеген мәселелер бойынша құзыретті болып келеді. Бүгін ата-аналарға баласының мектептегі өмірімен танысу және көбірек мағлұмат алу мүмкіндігі берілген. Осындай іс-шаралардың бірі – ашық сабақ. Әрбір жартыжылдық сайын студия сабақтарына келетін балалардың ата-аналары сабақтарға қатысып, оқу үрдісінің қалай өтіп жатқанын, оқытушылар және сабақ әдістемесімен танысуға, өткен оқу кезеңіндегі жетістіктермен танысуға мүмкіндігі бар.
Мектеп туралы көптеген форумдар, білім беру ұйымдарының сайттары, білім беру порталдары ата-аналардың білім беру үрдісі не екенін түсінуіне мүмкіндік береді. Алайда, оқытушымен көзбе-көз қарым-қатынас және үрдісті өз көзімен көру оқытушылар мен оқушылардың жұмысына лайықты баға беруге көмектеседі. Ашық сабақтар аптасының соңында ата-аналар пәндердің, әсіресе – спорттық-бал билерін, балет гинастикасы мен ритмикасы пәндерінің оқыту деңгейіне тәнті болды.

Яндекс.Метрика