Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Астана би ырғағында» («Temps lié») халықаралық балет фестивалінің салтанатты жабылуы

2018 жылдың 5 мамырында «Астана Балет» театрының сахнасында «Астана би ырғағында» («Temps lié») Халықаралық балет фестивалінің салтанатты жабылуы және Гала-концерт өтті. Жарқын ұмтылмас би мерекесі Астана қаласының 20 жылдығына арналған, бұл кеште көрермендер назарына қатысушылардың ең үздік нөмірлері ұсынылатын болады. 

Фестиваль алаңы өз елдерінің балет өнеріндегі шеберлердің болашақ буыны болатын алыс және таяу шетелдің 11 елінің бірегей жастарының басын қосты. Әрбір қатысушы фестиваль кезінде Ирэк Мухамедов, Ульяна Лопаткина, Елена Кузьмина секілді атақты педагогтар мен балет жұлдыздарымен өзінің орындаушылық шеберлігінің деңгейін арттыру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, іс-шараға Сяо Сухуа, Кейсуке Косака және Шухрат Тохтасимов сияқты құрметті қонақтар қолдау көрсетті.   

Фестиваль хореографиялық оқу орындары арасында халықаралық байланыстардың нығаюына септігін тигізді.  Фестиваль аясында Қазақ ұлттық хореография академиясы Жапония, Латвия және Эстонияның балет мектептерімен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Хьюстон балет мектебімен (АҚШ) өзара іс-қимыл бағыттары көзделді. 

Фестивальді  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ фестиваль әріптестері – «Астана Балет» театры, «Астана Опера» МОБТ, Балет және ұлттық биді дамыту және қолдау қорының қолдауымен Қазақ ұлттық хореография академиясы ұйымдастырды.  

 

Яндекс.Метрика