Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Астана Балет» кастинг жариялайды

Театр труппасының ұлғаюына байланысты, хореографиялық білімі бар бойжеткендерге «Astana Ballet Folk» ұлттық труппасы кастинг жариялайды.

Іріктеу кезінде мына көрсеткіштерге мән беріледі:

– бойы кем дегенде 168 см,

– жасы 18 бен 25 аралығы,

– сахналық көріктілік.

Іріктеу мерзімі: 2018 жылғы 3 қазаннан 20-желтоқсанға дейін.

Ниет білдіргендер толық бойымен, сахналық кейіпте түскен фотосуреті мен резюмесін aizhanzhunissova@gmail.com электронды поштасына жолдау керек.

Алдын-ала келісілгеннен кейін, қатысушы театрға шақырылады. Кез-келген сұрақ бойынша +77088938189 телефон номері арқылы жауап ала алсыз. Театр ниет білдіруші әр адамға ризашылығын білдіріп, байқауға қатысуына қолғабыс көрсетуге дайын екенін мәлімдейді.

«Астана Балет» – еліміздің ең жас әрі кәсіпқой театр, өзіндік келбеті бар, әлемге таныла  бастаған ұжым. «Астана Балет» дәстүрді сақтай отырып, заманына үн қосады. Біз кемеліне жеткен хореографтарды шақыртып, солармен бірге модерн, классика мен халық биінің тоғысқан дүниесін шағарамыз. «Астана Балет» ұлттық труппасының қол созар биігі – ұлттық би өнерін сақтай отырып, оны жаңа бағытта дамыту.

Актерсіз театр болмақ емес. Ендеше біз көрікті, амбициясы бар әрі өз ісіне адал жандарға іздеу саламыз. Труппамыз нағыз кәсіпқойлар ұжымы, мұнда көптеген хореографиялық мектеп өкілдері бірімен-бірі үйлесімді жарасып тұр.

Театр өз спектакльдерін Астанадағы сахнасында қойып мен Қазақстанның өзге аймақтарына және шет елдерге жиі гастрольдік сапармен шығады. «Ұлы Дала мұрасы» атты гала концерт бағдарламасы театрды әйгілеп тұратын дүниеге айналды. Бұл концерттік бағдарлама Санкт-Петербор, Нью-Йорк, Милан, Париж, Бейжің, Токио қалаларыныңі сахнасында қойылған болатын.

Яндекс.Метрика