Қабылдау комиссияларының байланыстары

Астанада Өзбекстан өнер шеберлерінің концерті өтті

2018 жылғы 12 желтоқсанда «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының мәдениет жылының жабылуына арналған Өзбекстан өнер шеберлерінің концерті өтті.

Аталмыш концерттің басты мақсаты елдер арасындағы мәдени алмасуды, мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, бұл ұқсас тарихи өткелден өткен екі мемлекеттің арасында болатын ең қуатты біріктіргіш күш болып табылады. Саяси және экономикалық байланыстардан өзге мәдени байланыстар ұлт санасына терең енетін одан әрі өзара табысты ынтымақтастық үшін маңызды негіз болып қызмет етеді.   

Қазақстан Республикасы Мәдениет спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. Бұл концертте танымал қазақтың халық әндері мен ғажайып өзбек әндерін Өзбекстанның еңбек сіңірген артистері Фуркат Ашуралиев,Элмурод Ахмедов және Юлдуз Турдиева шырқайды. Концертте Узбегим” карнай-сырнайшылар тобы, “Тумор”және “Навбаҳор”  би ансамбльдері қатысады.

Яндекс.Метрика