Қабылдау комиссияларының байланыстары

Астанада ҚР МСМ кеңейтілген алқа отырысы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі депуттаттар, қоғам қайраткерлерінің, мәдениет, спорт және туризм саласының өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысын өткізеді.

2019 жылғы 19 ақпанда «Qazaqstan» орталық концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Ведомства жиналысында өткен жылдың жұмыс қорытындылары мен саланың 2019 жылдағы даму келешегі қарастырылады.

Онлайн-трансляция Министрліктің Фейсбуктегі ресми парақшасында https://www.facebook.com/398062810292709 жүргізіледі.

Өтетін күні мен уақыты: 2019 жылғы 19 ақпан, сағат сағ.16.00

Өтетін орны: Астана қ., «Qazaqstan» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы 10/1

Журналистерді шараға аккредитациялау үшін баспасөз қызметіне келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-04-05, 74-09-24, + 7 707 278 67 28

Журналистерді тіркеу: https://goo.gl/forms/Vo3ZY7B7AmXIWQ953

Яндекс.Метрика