Қабылдау комиссияларының байланыстары

Андрис Лиепа

2018 жылғы 17 қарашада Академияға Ресей Халық әртісі, театр режиссёрі және продюсері, «Кремлёвский балет» театрының көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері, балет әртісі Андрис Лиепа келді.
Қазақстанға бұрында келген атақты қонақты осы келген сапары қатты таң қалдырды. Бүкіл қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған, атап айтқанда арнайы еден жабыны бар балет залдары, массаж кабинеті, жаттығу залы, бассейн және жеке оқу театры бар Қазақ ұлттық хореография академиясы балет әртісін бей-жай қалдырмады. Академиямен танысудан кейін Андрис Лиепа оқушылармен кездесіп, оларға өзінің шығармашылық жолы, табысқа қол жеткізу жолындағы қиыншылықтары, жарақаттары мен Ковент-Гарден Корольдік театрының сахнасында алғаш өнер көрсету кезінде қандай күлкілі оқиғаларға тап болғаны туралы әңгімелеп берді. Академия студенттері үшін «Мосфильм» киностудиясында «Шахерезада» балетінің түсірілімі туралы әңгімесі қатты қызықты болды, сол кездері тек статикалық камералар ғана қолданылған, ал балетті түсіру үшін қозғалыс қажет. Сонда тығырықтан шығудың жолы – кәдімгі скейтбордқа камера орнатылып, әртістердің секіруі кезінде ол да бірге қозғалған. Осылайша кеңес дәуірі кезінде түсірілген бірінші балет фильмін өнер сүйер қауым жоғары деңгейде бағалаған.
Еске салсақ, Андрис Лиепа – балет бишісі және режиссер, атақты латвиялық балет әртісі Марис Лиепаның ұлы. Хореография училищесін бітіргеннен кейін Большой театрдың труппасына қабылданған, мұнда он жылдай жетекші партияларды биледі, The New York City Ballet атақты балет труппасының, сонымен қатар La Scala және Мариинский театрдың қойылымдарына қатысқан, әлемдік балет классиктері Барышников және Бежармен бірге жұмыс істеген. 90-жылдардың басында қоюшы-хореограф ретінде жұмыс жасай бастаған және бүгінгі күні осы ісін жалғастырып келеді – аты аңызға айналған хореограф Михаил Фокиннің «Петрушка», «Шехерезада» және «Жар-птица» қойылымдарын қайта қалпына келтірді.

Яндекс.Метрика