Қабылдау комиссияларының байланыстары

Алматыда «Camerata Tempo» IIІ Халықаралық камералық музыка фестивалі өтеді

«Camerata Tempo» IIІ Халықаралық камералық музыка фестивалі 2019 жылғы 2 – 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді.  «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Швейцариядан келген профессорларының қатысуымен «Халықаралық мастер-класс» (скрипка) бірлескен жобасын ұсынады. Жобаға Вена консерваториясының және Швейцариядағы жоғары музыка мектебінің профессоры Павел Верников, халықаралық конкурстарының лауреаты, Лозанна жоғары музыка мектебінің профессоры Светлана Макарова, халықаралық конкурстарының лауреаты, «Young Eurasian Soloists» камералық музыка оркестрінің көркемдік жетекшісі және құрушысы Шернияз Мусахан, халықаралық конкурстарының лауреаты, Базель консерваториясының доценті Яна Озолина қатысады. Халықаралық тәжірибеде алғаш рет скрипкашыларға арналған мастер-класстар камералық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Мастер-класс қатысушылары – Alumine Temis Barrutia (Аргентина), Marie-Sophie Baumgartner (Швейцария), James Warren (Ирландия), Sayaka Nakajima (Япония), Vaigaile Dainaciute (Литва), Anastasia Pentina (Россия), Christa – Maria  Stangorra (Германия), Yuliia Van (Южная Корея), Иван Смирнов (Россия), Aleksandra Khmara (Украина), Сезим Дуйшенбаева, Айдана Шильдебаева, Жалгасбек Рысберды, Арайлым Өсербек, Акниет Омар (Казахстан).

Жобаның мақсаты Алматы қаласындағы музыка мектептер оқушыларының, студенттердің және ұстаздардың кәсіби шеберліктерін арттыруға, ақпараттық және практикалық көмек көрсетуге бағытталған.

Бір апта бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аудиториялары мен залдарында «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблінің сүйемелдеуімен Швейцариядан келген профессорлардың мастер-класстары, концерттері өтеді.

Яндекс.Метрика