Қабылдау комиссияларының байланыстары

Алматыда «Қазақстанның түркі тілдес халықтары» циклы бойынша түсірілген деректі фильмдердің көрсетілімі өтті

2018 жылдың 29 қарашасында сағат 17:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстанның түркі тілдес халықтары» циклы бойынша түсірілген деректі фильмдердің көрсетілімі өтеді. Бұл деректі туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.

Мәдени іс-шара барысында жас документалист-режиссерлер түсірген келесі фильмдер көрсетіледі: «Жіп» (режиссері Надира Садуова), «Түстің дәмі» (режиссеріКамила Әбделдінова), «Чуваш халқы. Қазақстан – менің екінші отаным» (режиссері Динара Манабаева)және «Ата кәсіп» (режиссері Берік Жаханов).

Айта кетсек, жоғарыда айтылған фильмдер халықаралық кинофестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Мысалы, Абдуманат есімді өзбек қолөнер иесі туралы баяндайтын «Ата кәсіп» фильмі Алматыда қараша айының басында өткен «Бастау» халықаралық кинофестивалінде Ораз Әбішев атындағы «Үздік деректі фильм» жүлдесімен марапатталды.

Барлық фильмдерді қоюшы режиссерлер, сонымен қатар шығармашылық топтың өкілдері таныстыратын болады.

Фильмдер туралы ақпарат:

«Жіп» /«Нить»

Сценарий авторлары: Н.Садуова, Р.Орынбасарова

Қоюшы режиссері: Н.Садуова

Фильм Қазақстанда тұратын татар хылқының тұрмыс тіршілігі, дәстүрлері мен мәдениеті туралы баяндайды. Фильмнің басты кейіпкері Вадига Галимбаева есімді тігінші татар халқының ұлттық киімдерін тігеді.

«Түстің дәмі»/ «Вкус цвета»

Сценарий авторлары:К.Бердімұратова, А.Бақыт

Қоюшы режиссері: К.Әбделдінова

Фильм Венера Важитова есімді жас суретші және киім дизайнері туралы баяндайды. Фильмнің түсіру тобы Венерамен бірге оның туып өскен Шонжаауылына барып, ұйғыр халқының мәдениеті мен тұрмыс тіршілігі туралы көп мәліметалады.

«Чуваш халқы. Қазақстан – менің екінші отаным» /«Чуваши. Казахстан – моя вторая родина»

Сценарий авторы және қоюшы режиссері: Д.Манабаева

Фильмде чуваш хылқының өкілі, павлодарлық Мария Симулина туралы баяндалады. Жолдасымен бірге Қазақстанға кездейсоқ келген ол, елімізде қалып, өсіп-өнеді.

«Ата кәсіп» / «Наследие предков»

Сценарий авторлары:Б.Жаханов, Ф.Танаева

Қоюшы режиссер:Б.Жаханов

Деректі фильм ата кәсіп – бесік жасаумен айналысатын Абдуманат есімді өзбек шебердің өмірін баяндайды. 

Яндекс.Метрика