Қабылдау комиссияларының байланыстары

Алматыда «Күй қазына» музыкалық кеші аншлагпен өтті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрі 21 желтоқсанда «Күй қазына» атты концерт өткізді.

Музыкалық кеш Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрініс тапқан тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Концертте танымал қазақ күйлері, сондай-ақ жұртшылық сүйіп тыңдайтын халық әндері орындалды. Көрермендер әр орындалған туындыға ерекше ықылас білдіріп, ризашылықтарын көрсетті.  

Концерт соңында оркестр директоры Нұрғиса Дәуешов оркестр әртістерін марапаттады. Атап айтсақ, 12 музыкант марапатқа ие болды, оның ішінде «Мәдениет саласының үздігі» медалімен Жұбатқан Тәжбенов, Еркін Шәріпов, Бейбарыс Хамзин, Жаннат Бурханова, Рита Оразғалиева марапатталды. «Мәдениет қайраткері» құрметті атағына Тұрарбек Хайралиев, Самиғолла Сапарғалиев, Мейрамкуль Орашева ие болды. Төрт музыкант: Рахат Сәрсенов, Ляйля Мазова, Әсет Джумабаев, Мақсат Тілепберген  ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды. 

Бұл концерт Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының есінде ұзақ уақыт сақталатындығы сөзсіз.

Яндекс.Метрика