Қабылдау комиссияларының байланыстары

Алматыда Бактыбек Тилегеновтің шығармашылық кеші өтеді

Танымал дирижер, Қырғыз Республикасының халық әртісі Бақтыбек Тилегеновтің   «Қазақ-қырғыз тартуы» атты    шығармашылық кеші  31 қаңтар күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерт залында өтеді.

Концерт екі ел арасындағы мәдени шығармашылық байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр, сонымен қатар көршілес Қырғыз ағайындарының Құрманғазы оркестрінің 85 жылдық мерейтойына тартуы болып табылады.

Бактыбек Тилегенов – Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, халық аспаптар және Бішкек қалалық мэриясы үлкен симфониялық оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі.

Концертке Қазақстан мен Қырғызстанның белгілі әртістері: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Батыржан Мықтыбаев, Халықаралық байқаулардың лауреаттары: Дуйшонбек уулу Закирбек (қобызшы), Бокоева Бактыгуль (сопрано), Аскат Мусабеков (тенор) қатысады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 83

Уақыты: 2019 жылдың 31 қаңтары, сағат 19.00-де.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға байланысуға болады:

8 (727)279-01-92, 87024214118.

Яндекс.Метрика