Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияға 10 000 000 теңге сомасына сертификат сыйға тартылды

Бүгін,  21 маусымда, «China National Petroleum Corporation» (бұдан әрі — CNPC) вице-президенті Сюй Вэнжун мырза Қазақ ұлттық хореография академиясының (бұдан әрі — Академия) ректоры Алтынай Асылмұратоваға медициналық жабдық сатып алу үшін 10 000 000 теңге сомасына сертификат табыс етті. 

CNPC компаниясының делегациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен Академияны аралап көрді. Қонақтарға жас әртістер мен хореографтардың оқитын және тұратын орындары көрсетілді: оқу залдары, тұрғын үй блогы, демалу және сабаққа дайындалу бөлмелері,  балет залдары. «Біз балалардың тәрбиесі үшін жасалған жағдайларға қатты таңдандық.  Бұл хореографиялық білім алу үшін жағдайларды ұйымдастыру жағынан шынымен мақтауға лайықты орын» дейді Сюй Вэнжун мырза.

CNPC компаниясының академияның жағдайларын жақсартуға үнемі қолдау көрсететінін атап өткен жөн. Еске салсақ, Астана ЭКСПО-2017  бүкіл әлемдік мамандандырылған көрмесі қарсаңында компания Академияға микроавтобус тарту етті, ал биыл  медициналық жабдық сатып алу үшін 10 000 000 теңге сомасына сертификат табыс етті. Академияның жоспарында шаршағанды және күш жұмсағанды басатын массаждық ванналар, арқа бұлшық еттерін созуға арналған пилатес-керуеттер, сонымен қатар басқа профилактикалық жабдық сатып алу тұр, бұл әрине оқушылардың денсаулығына пайдалы болатыны және кәсіби жарақат алу қаупін азайтатыны сөзсіз.   

 

Яндекс.Метрика