Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академиядағы оқу өрт дабылы

Білім беру ұйымында өрт қауіпсіздігіне аса ден қою қажет, өйткені қазіргі кезде туындайтын төтенше жағдайлардың ең көп тараған түрі – өрт. Өрт жағдайында көшіру кезінде адамдардың өмірі қызметкерлердің дайындығы мен олардың іс-әрекеттерінің  нақтылығына байланысты болады. Сондықтан Хореография академиясында жоспарлық көшіру жаттығулары өткізіліп тұрады.

2019 жылғы 27 мамырда  Хореография академиясында кезекті көшіру жаттығуы өтті. Штаттық режимде Академияның оқу, тұрғын үй және балет корпустарында автоматты өрт дабылы қосылды. Белгіленген бағдарламаға сәйкес лифт шахталарындағы және баспалдақ торларындағы ауаны қысу  және барлық ғимараттан түтінді шығару, қолжетімдікті бақылау жүйесін бұғаттан шығару, сонымен қатар барлық лифттерді бірінші қабатқа автоматты түрде түсіру және лифттардың есіктерін ашу іске қосылды. Инженер-электрик және кезекші электрик  бірінші кезектегі іс-қимылдар туралы нұсқаулыққа сәйкес Академияның үш корпусында электр қуатын өшірген сияқты әрекет жасады. Кезекші диспетчер №8, 9, 10 күзет бекетінің қызметкерлерімен бірлесіп №16 мамандандырылған өрт бөлімінің  өрт сөндіру топтарын қарсы алуға дайын екендерін мәлімдеді. Күзет қызметкерлері Академия аумағындағы барлық қақпаларды және корпустардан шығатын көшіру есіктерін уақытылы ашты. 

12 с. 00 мин. 10 секундта  Академияның корпустарынан жаппай көшіру басталды.

12 с. 6 мин. 05 секундта көшіру балет корпусының жанындағы «Көшіру кезінде жиналатын орын» деген белгі қойылған автотұрақта сапқа тұрумен аяқталды.

Корпустардан көшіру ұзақтығы 6 минуттан аспауы тиіс, сапқа  тұрған кезге дейінгі толық көшіру уақыты 5 минут 55 секундты құрады.

Көшіру бойынша оқу жаттығуларын үнемі өткізіп тұру төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ғимараттан тез әрі қауіпсіз шығып кетуге дайын болуды қамтамасыз етеді. 

Яндекс.Метрика