Әлеуметтік желілер: пайдасы мен зияны

5 қарашада 7 және 9 сынып оқушылары арасында «Әлеуметтік желілер: пайдасы мен зияны» атты тақырыпқа сынып сағаттары өткізілді. Оқушылардың назарына бейнефильмдер ұсынылды, фильмдердің сюжеттері әлеуметтік желілердің әр адамның өмірінде алатын рөлі және орны туралы ой салады. Оқушылардың назарына ұсынылған бейнефильмдер әлеуметтік желілердің теріс жағын айқын көрсетті және виртуалдық әлемге шектен тыс берілуден сақтандырады. Фильмдердің көрсетілімінен кейін оқушылар әңгімелесу форматында әлеуметтік желілердің әр адамның өміріндегі рөлі мен орны туралы пікір алмасты.

Әлеуметтік желілердің, шын мәнінде, адам үшін пайдасы да бар, сонымен қатар, моральдық, физикалық кейде тіпті материалдық залал әкелуі мүмкін. 

Интернетте өткізетін уақытыңыз дұрыс ұйымдастырылған ба, мүмкін, осы жөнінде бір сәт ойланатын кез келген шығар.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Әлеуметтік желілердегі белсенді қарым-қатынас тек жанды толыққанды қарым-қатынасты толықтырып тұрады.

 

Яндекс.Метрика