ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халықаралық конкурстарда жүлделі орын алған дарынды жастармен кездесті

17 шілде, 2019. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінде Гран-приге ие болған Әділхан Макинмен, «Молодая Галичина» 26-шы Халықаралық ән фестивалінің бірінші дәрежелі дипломанты Мереке Кенжегуловпен, Гран-при иегері Қуаныш Ерзатұлымен, жүлдегерлері «Қазақ қыздары» тобымен кездесті.

Кездесу барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі түрлі халықаралық жарыстарда жүлделі орын алған таланттарды құттықтады. «Славян базары-2019» xалықаралық фестивалінің жеңімпазы – өзіміздің Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрада-өнер факультетінің 4 курс студенті Әділхан Макин.  Бас Жүлде – бұл үлкен жеңіс. Төрт жыл бұрын осы жарыстың сахнасында Димаш Құдайбергеннің жұлдызы жанған еді. Ол кезде де Министрліктің қолдауымен аттанып, бас жүлдемен оралған болатын. Иə, Димаш Құдайбергеннің өнеріне күллі әлем əлі күнге дейін тəнті болып, таңдай қағысып жатыр. Әділханға да Димаштың жолын берсін деймін.  Витебске біздің министрліктің қолдауымен барып,  айтулы жеңіспен оралған шығармашылық делегацияға да бүгінгі күннің белсенді жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Бұл жеңіс – Әділхан Макиннің әлем сахнасындағы алғашқы қадамы – оның алдағы табыстары мен жеңістеріне апаратын жол екеніне сенімдімін. Біз қолымыздан келгенше барлығына көмектесеміз» деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, министр таланттардың шығармашылығын дамыту Министрлік жұмысының басты бағыты екендігін атап өтті.

Яндекс.Метрика