Қазақ ұлттық хореография академиясы кезектен тыс ҚР Президенті сайлауының өткізілуін қолдайды

2019 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы осы жылдың 9 маусымында өткізілетін жариялады.

Бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты Академия қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Академия қызметкерлері кезектен тыс сайлау біздің тәуелсіз еліміздің болашағы үшін маңызды саяси қадам болып табылады деген  өз пікірлерімен бөлісті. Қазақстан Республикасының Констититуциясына сәйкес ҚР Президентін демократиялық принциптерді негізге ала отырып, халық сайлайды. Еліміздің әрбір азаматы дауыс беру арқылы өз кандидатын таңдап алу құқығына ие.

Академия қызметкерлері барлық отандастарымызды болашақ кандидаттарды талқылауға белсенді қатысуға және нәтижесі ретінде 2019 жылдың 9 маусымында дауыс беруге шақырады.

 

Яндекс.Метрика