Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру

2018 ж. 9 қазанында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау» тақырыбы бойынша Еуропа құқығы және адам құқықтары жөніндегі сараптама институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА ҰСК мүшесі Марат Советұлы Башимовпен кездесу өтті.

Тыңдарман-студенттер кураторлар және оқытушылармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында жастарға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдарын талқылады. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында ынтымақты нығайту және қазақстандықтардың шыдамдылығын арттыру, Жолдауда көрсетілген мәселелері мен шешімдерін орындау барысында студенттердің борыштылық пен жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы барша қазақстандықтар үшін дәстүрлі болып, алдағы 365 күнге дамудың жаңа бағыты болуы керек. Жолдау біздің тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеу жолындағы тағы бір белесі болатынына кәміл сенеміз.

Яндекс.Метрика