Ғылыми-зерттеу жұмысы Академияның басымды бағыттарының бірі болып табылады.  

Ғылыми қызметке профессор-оқытушылар құрамының,  магистрантар мен студенттердің ғылыми белсенділігінің өсуін қамтамасыз етуді, ғылымның білім және өнермен өзара байланысын күшейтуді, ғылымның кадрлық әлеуетін дамытуды, Академияның халықаралық ғылыми қауымдастыққа интеграциялануын қамтитын Академияның миссиясы себепші болады. Ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттарын таңдау саясаты:    

– хореография өнері саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындау арқылы ғылыми  жұмыстың тиімділігін арттыруға; 

– оқу және ғылыми үрдістердің тұтастығын нығайту, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуы және білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне кеңінен тартуға;

– оқу үрдісінде ғылыми қызмет нәтижелерін белсенді пайдалану негізінде оқытушы-профессорлар құрамының кәсіптік деңгейін  үнемі арттыруға; 

– халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және халықаралық ғылыми ұйымдарға, қорларға, бағдарламалар мен жобаларға қатысуға;

– жоғары оқу орнынан кейінгі даярлық үрдісін  жетілдіруге бағытталған.  

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары басымды бағыттарға және балетмейстерлік өнердің, хореография педагогикасының, концертмейстерлік шеберлік пен музыка теориясының, арт-менеджмент пен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың даму проблематикасына сәйкес келеді.

 

Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ, МҒЗЖ).

Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметі Ғылым бөлімі қызметін үйлестіретін Студенттік ғылыми қоғамға (СҒҚ), сондай-ақ өздік ғылыми-зерттеу жұмысына және конференция жұмысына  қатысуы арқылы сипатталады.    

Академия студенттері мен магистранттары студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) әртүрлі халықаралық және республикалық конкурстарына белсенді қатысты.

Студенттер мен магистранттар:

  • ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, ҚР Конституциялық кеңесі, ҚР БҒМ өткізетін конкурстарға;
  • арт-менеджмент саласында мамандар даярлау бағыты бойынша халықаралық студенттер конкурсына;
  • ғылыми-практикалық конференцияларға;
  • студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсына қатысады.

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары. Халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары
Ғылыми апталық 

Ғылыми апталық

Ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастық,  сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұйымдарымен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструктивтік жұмыстарды орындауға арналған ынтымақтастық

Академия отандық және шетелдік білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы қолданыстағы келісімдер, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әріптес-ЖОО және ұйымдарымен кәсіптік практикадан өту туралы шарттар бойынша жұмыс жүргізеді. 

Яндекс.Метрика