«Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ-на ақылы негізде шетелдік азаматтарды қабылдау  қағидалары

Негізгі ережелер

1. Осы техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі –ТЖКБ), ТжКБ (тағылымдама), бакалавриат және магистратураның білім беру бағдармаларын ақылы негізде іске асыратын «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ-на (бұдан әрі – Академия) ақылы негізде шетелдік азаматтарды оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына,  сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді.

2. Академияға ақылы негізде шетелдік азаматтарды қабылдау ТЖКБ, ТжКБ (тағылымдама), бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша көру нәтижелері бойынша, магистратураға Академияның емтихан комиссиясы өткізетін емтихан нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Емтихан тапсырғанға дейін талапкерлер ғылыми реферат ұсынады.

3. Академияға ақылы негізде шетелдік азаматтарды қабылдау Академияның тиісті мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін және білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беруді көздейтін лицензияға сәйкес жүргізіледі.

Яндекс.Метрика