Студенттік өмір – бұл әрбір адам үшін қайталанбас уақыт. Жаңа істер мен жаңа ашылулар уақыты, өзіңді көрсетіп, ересектер өмірінің дәмін сезінетін уақыт. Студенттік шақ – мансап баспалдағы бойынша жүретін ұзақ жолдың басталатын жері. Бірақ оқу кезінде тек оқуға ғана көңіл бөліп қоймай, сондай-ақ бос уақытқа да көңіл бөлу қажет.
Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері белсенді өмір салтын насихаттайды. Академияда оларға арналған шығармашылық студиялар бар, мұнда олар өз таланттарын аша алады: ритмика, гимнастика, актерлік шеберлік, этика, музыкалық және заманауи би және тағы басқалар.
Оқу кестесінің аса тығыз болғанына қарамастан, студенттердің әлеуметтік өмірі Академияның ашылуынан бастап белсенді: Қысқы универсиада -2017 ашылу салтанатына қатысу, халықаралық конкурстар және фестивальдар, «Астана Опера» театрының сахнасында өнер көрсету және тағы басқа іс-шаралар.
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірге жұмыс жасау студенттік өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады, бүгінде олар «А14» және «Smile Astana» сияқты екі жобаға қатысты.

Яндекс.Метрика