Сессия және емтихандар кезінде психоэмоционалдық шиеленісті қалай жеңілдетуге болады

Емтихан тапсыру студенттің білімін тексеру ғана емес, сонымен қатар ол үшін психологиялық сынақ болып табылады. Көптеген студенттер емтихан алдында қатты толқиды, оларда қорқыныш сезімі пайда болады. Көбінесе болашақ осы емтихан тапсыру кезіндегі жетістікке байланысты. Емтихандағы жетістіктің екі басты шарты – материалды жақсы білу және өзіңді ұстай білу.   

Студенттердің бойында сабырлылық және өзін ұстау дағдыларын қалыптастыру мақсатында 2018 жылғы 12 желтоқсанда Академия студенттерімен «Сессия және емтихандар кезінде психоэмоционалдық шиеленісті қалай жеңілдетуге болады. Өзін ұстау әдістері» тақырыбына психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында қатысушылар емтиханға дайындалу қағидаларын, қорқыныш пен толқуды жеңу техникаларын талдады.  Әрбір оқушы өзінің жеке басына сәйкес келетін, яғни тыныс алу жаттығулары, арт терапия немесе жаяу қыдырулар сияқты техниканы таңдап алды.      

Жоғарыда баяндалғанға орай, студенттің күйзеліске төтеп беруіне мүмкіндік беретін сан алуан тәсілдер бар.  Әр адам қандай жолды ұстанатынын өзі  таңдауы тиіс. 

 

Яндекс.Метрика