«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ ӨРКЕНИЕТТІҢ РӨЛІ»

АЙНАР академиясы

Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының Академигі Омаров Еренғайып Салипұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ ӨРКЕНИЕТТІҢ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАДЫ

Конференция 2018 жылдың 9-10 шілдесінде Алматы қаласы, С.Сейфуллин көшесі, 506/99, «Rixos » қонақүйінде өтеді. Тіркелу 9.00-9.45, басталуы 10.00.

Конференцияның мақсаты – қазіргі ғылым мен білім беруді дамыту арқылы рухани жаңғыру жолдарын іздеу және талқылау.

Конференция нәтижелері бойынша қорытынды жекелеген ISBN нөмері берілген жинақ материалдары жарық көреді, ал электрондық нұсқасы www.kainar-university.com сайтында жарияланады.

Жекелеген материалдар «Қайнар универсиетінің Хабаршысы» және «Қазақ өркениеті» журналдарының редакциясына басылымға ұсынылады.

Ғылыми секциялардың бағыттары:

Секция 1. «Рухани жаңғыру» аясындағы Қазақ өркениеті.

Секция 2. Өркениет қақтығысы халықаралық жағдайлардың ұшығуының себептерінің бірі ретінде.

Секция 3. Қоғамдық-әлеуметтік институттардың, білім беру ұйымдарының адамның жағымды дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі.

Секция 4. Экономикадағы, білім және ғылымдағы сандық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Секция 5. Қоғамның инновациялық дамуының әлеуметтік-психологиялық, гуманитарлық және құқықтықфакторлары.

Жұмыс тілдері: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Конференцияға қатысу туралы өтініш пен мақаланы келесі электронды пошталарға жіберуіңізге болады:kainar@kazuniver.kz,mereika78@mail.ru  (конференция туралы ақпарат пен қатысу туралы өтініш www.kainar-university.com сайтында берілген).   

Қосымша ақпараттар үшін телефондар: 8 727 2558366; 87016878345 – конференция үйлестірушісі  – Еркінбекова Мейірім Анарбекқызы, 105 кабинет

Ақпараттық хат

Яндекс.Метрика