Ректордың халық алдындағы есебі

2018 жылғы 28 қыркүйекте Қазақ Ұлттық хореография академиясында Академияның 2017-2018 оқу жылындағы қызметінің қорытындылары бойынша ректор Алтынай Асылмұратованың халық алдында есеп беру кездесуі өтті.

Алтынай Әбдуахимқызы Асылмұратова жұмыс қорытындылары, Академияның әртүрлі даму аспектілері, жетістіктері және шығармашылық білім беру үрдісінде туындаған проблемалық мәселелер жөнінде баяндап берді, сонымен қатар еліміздің жетекші хореографиялық жоғары оқу орны алдында болашақта тұрған міндеттер туралы айтты.

Екі жылдық жұмыс кезеңінде, Академия оқушылары елорданың ең үздік сахналарында ойдағыдай өнер көрсетті. Тек 2017-2018 оқу жылының ішінде ғана олар 27 спектакль мен 30 концертке қатысты: «Астана Опера» театрының сахнасында «Баядерка», «Дон Кихот», «Қыз Жібек», «Корсар» және «Астана Балет» театрының сахнасында «Щелкунчик» балеттері.

Қазақстан Республикасы елордасы – Астана қаласының 20-жылдығы аясында Академия Әзірбайжан мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында Гала-концерт, сонымен қатар Бірінші Халықаралық «Temps lie» балет фестивалі ойдағыдай өткізілді.

Сөз сөйлеу соңында ректор тағы бір жетістікпен бөлісті, ол – «Жоғары білімнен кейінгі білім беру. Докторантура» бағыты бойынша білім алу қызметіне рұқсат беретін мемлекеттік лицензияға ие болу. Осылайша, Қазақ ұлттық хореография академиясы Қазақстандағы оқытудың толық циклі бар жалғыз хореографиялық оқу орны болды.

Кездесу бір сағатқа жуық созылды, ата-аналардан көптеген сұрақтар келіп түсті, Instаgram әлеуметтік желісінде тікелей трансляция жүргізілді. Кездесуге ата-аналар қауымдастығы ғана емес, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Б.А.Сапарбаев, «Астана Опера» театрының директоры Г.А.Альпиев, «Астана Балет» театрының директоры В.А.Кузембаев, «Астана Жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдерінің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығы бойынша ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары жыл сайын халық алдында есеп береді.

Яндекс.Метрика