Оқушылардың психологиялық бейімделуі

2018 жылғы 18 қазанында тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің педагог-психологы Академияда оқудың ерекшеліктері мен оқушылардың жаңа оқу жылына бейімделуіне бағытталған тренинг өткізді. Тренингке кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің бірінші және екінші курс білім алушылары қатысты.

Тренингтің мақсаты  – оқушылардың бір-бірімен танысуы, қарым-қатынастағы кедергілерді шешу, үйренісу және топтың әлеуметтік құрылымын қалыптастыру кезеңінен жеделдетіп өтуі, сондай-ақ, командада үйлесімділікпен әрекет ететін табысты тұлға сапасын анықтау болып табылады.

Тренинг көңіл-күйді көтеру және бірлесіп жұмыс жасауға бейімделуге, өзінің «мықты тұстарын», ішкі сенімділікті сезіндіретін тұлға қасиеттерін аша түсетін, ұжымда қарым-қатынасты жақсартатын, команда құрылымына бағытталған әдістер мен ойындарды қолдана отырып өткізілді. Тренинг уақытында табысты болу ұғымы, қалай табысты тұлға болу, командада үйлесімді қарым-қатынаста бола отырып, ішкі сенімділікті сақтап қалу жолдары талқыланды.

Бірінші курс студенттерінің бейімделуі ғылыми пікірталастың жаңа тақырыбы болып саналмайды, бірақ, болашақ маманды анықтауы мен қалыптасуының бірқатар факторлары мен спецификалық ерекшеліктері назарды аударады. Жаңа оқу ортасы, жаңа ұжым, жаңа оқу пәндері – ал жеткіншектің қылықтары әлі бұрынғы, мектепте оқуға бейімді, бірақ колледжде емес және икемділік пен дағдылар қаншалықты ұзақ және қандай жолдармен қалыптасатыны колледждің психологиялық-педагогикалық көмегіне байланысты.

Яндекс.Метрика