Нұр-Сұлтан қаласында ҚР музыка қайраткерлері одағының отырысы өтті

2019 жылдың 19 сәуірінде ҚазҰӨУ Ж. Жабаев атындағы залында «Кезектен тыс сайлау – Демократиялық жолда» атты тақырыбында ҚР Музыка қайраткерлері одағының отырысы өтті. 

Модератор ҚР Халық әртісі, ҚР Музыка қайраткерлері одағының төрағасы Айман Мұсақожаева болды.

«Біз тәуелсіз мемлекетіміздің қазіргі тарихының маңызды оқиғаларының куәгері болдық. Соңғы айдың ең маңызды ішкі саяси оқиғалары Қазақстан Республикасы Конституциясының мазмұнында бекітілген және мемлекеттік биліктің сабақтастығын қамтамасыз ететін демократиялық рәсімдерге байланысты… Біздің мемлекетіміздің музыкалық қайраткерлерінің бүкіл ұжымы Қазақстан Президентінің алдағы сайлауын өткізудің барлық маңыздылығын түсінеді, өзінің азаматтық борышы мен жауапкершілігін, осы маңызды саяси оқиғаны жүзеге асыруға белсенді қатысу қажеттігін түсінеді деп сенемін. 9 маусымда біз өзіміздің саяси жетілуімізді көрсетіп, сайлау учаскелеріне келіп, өзіміздің демократиялық таңдауымызды жасап, еліміздің одан әрі дамуының бағытын анықтауымыз керек» – деп атап өтті Айман Мұсақожаева.

Шараға көрнекті қоғам қайраткерлері мен ҚР Музыка қайраткерлері одағының мүшелері қатысты.

Яндекс.Метрика