1. Миссия: біз хореографиялық өнер және мәдениет саласында қазақстандық қоғамның рухани-эстетикалық дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды даярлап шығарамыз.

2. Пайымдау: Қазақ ұлттық хореография академиясы – елімізде және Орталық Азия өңірінде сұранысқа ие және Қазақстанның хореографиялық өнерін халықаралық деңгейге шығаратын хореографиялық өнер қайраткерлерін көп деңгейлі даярлауды жүзеге асыратын бірегей білім, ғылыми-шығармашылық орталық.

3. Негізгі құндылықтар:
– жаңа хореография мектебі жағдайында әлемдік классикалық балет мұрасын кіріктіру;
– қазақ халық биін сақтап қалу және дамыту;
– Хореография академиясының шығармашылық жетістіктерін отандық және шетелдік қауымдастыққа жылжыту және көпшілікке таныту;
– жаһандық әлемде отандық мәдениеттің өзіндік ерекшелігі мен ұлттық сәйкестігін айқындайтын ұлттық мәдени мұраның басымдылығы;
– елдің мәдени саналуандылығын құрметтеу, көп этникалық Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерін қолдау және дамыту;
– шығармашылық жеке тұлға және өз мәдени болмысын таныту формаларының еркіндігі;
– мәдениет пен өнерді әлеуметтік-экономикалық дамудың өсу факторы және күшті ресурсы ретінде мойындау;
– жаңа институционалдық бірлестіктер, заманауи мәдени кластерлер және озық техниялогиялар базасындағы әріптестік.

4. Стратегиялық мақсаттар:
– білім беру дамуының заманауи жаһандық үдерістеріне сәйкес көп бейінді хореографиялық білім берудің бірегей моделін құру;
– Хореография академиясында жоғары білікті педагогтар ұжымын кадрлар даярлаудың барлық бағыттары бойынша жинақтау;
– Академияда ғылыми-әдістемелік орталық құру, оның қызметі білімдерді жүйелендіруге, жалпылауға және беруге бағыталатын болады;
– білім алушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдайлар жасау және оның халықаралық мәдени кеңістікке жылжыту;
– Болон конвенциясының принциптерін іске асыру негізінде халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес болу;
– түлектердің – Қазақстанның ел ішіндегі және одан тысқары жердегі шығармашылық элитасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін білім, ғылым және өнердің тиімді кірігу моделін құру.

Яндекс.Метрика