Жыл тандауы

7 желтоқсанда Академияда «Жыл тандауы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жыл сайынғы жобаның мақсаты – ең белсенді және талантты студенттерді анықтау және одан әрі қолдау, жоба жылдың ең  үздік іс-шараларының біріне айналды. Ең лайықты кандидатты таңдау биыл бірнеше критерийлер бойынша жүзеге асты: оқудағы жетістіктер, талант, харизма. 

«Жыл тандауы» номинациясында Әлімжан Ернат, «Үздік интернет-проект» – Бегжанова Нұрсұлу, «Үздік жүргізуші» – Мұратбай Айсұлтан, «Үздік әнші» – 2BE тобы, «Үздік хореографиялық қойылым» – Фазылова Разалия, «Үздік орындаушы» – Қайпбай Ислам, «Үздік өнер факультетінің студенті» – Ошакбаева Аида, «Үздік хореография факультетінің студенті» – Құлмұхамбет Альмира, «Үздік образ» – Султанов Муса және Құрмантаева Ләззат.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімінде 2BE тобы; Нұржан және Нұрбол Есеевтер; Қаппарова Назерке; Академияның КВН командасы – Әлімжан Ернат және Есеев Нұржан өнер көрсетті.

 

 

Яндекс.Метрика