Докторантура бағдарламасы ашылады!

Құрметті әріптестер, магистранттар мен студенттер! 2018 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Академияға жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (докторантура) «6D040900 – Хореография», «6D040600 – Режиссура» және «6D041600 – Өнертану» мамандықтары бойынша білім беру қызметін көрсетуге арналған негізгі лицензияға қосымшаны бергенін қуана хабарлаймыз.

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ 2019 жылдан бастап өнер саласында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауды жоспарлайды.

Көп деңгейлі оқытудың толық цикліне көшуге байланысты Академия ұжымын құттықтаймыз!

Яндекс.Метрика