Біріктіру тренингі

2018 жылғы 6 желтоқсанда Академияда білім алушыларды біріктіруге арналған психологиялық тренинг өтті.

Бұл тренингте балалар «Крокодил» атты жаңа ойынмен танысты, ойын балалардың үлкен топта уақытты көңілді өткізуіне керемет көмектеседі, қиял, тапқырлық және артистизмді дамытады.  Ойынның басында балалар бір сөз, ал кейіннен тұтас фразалар жасырды. Жаттығу үшін бірнеше қарапайым сөздер қолданылды: қар, таяқ, бұлт, орындық, ит, майшам, аяз ата, глобус, ноутбук және т.б. Ойын қызықты әрі көңілді өтті.   

Ойын аяқталғаннан кейін оқушылар «Тірі айна» жаттығуын орындады, ол үшін қатысушылар үш адамнан топтасты. Музыка ойнағанда үштіктің ішінен бір адам кез келген қимылды жасайды. Ал басқа екеуі «тірі айна» рөлінде оның жасаған  қимылдарын  қайталайды. Бұл жаттығудың негізгі мақсаты – біріктіру, толық түсіністік және бір-бірімен байланыс үшін жағдайлар жасау – өз қимылдарыңа басқа адамдардың көзімен қарау мүмкіндігі.

Тренинг кезінде оқушылар мүлде жаңа тәжірибе жинақтады, мұндай тәжірибеге оқу жағдайында ие болу мүлдем мүмкін емес.  «Бір тізбекпен байланған», олар бірлесіп шешім қабылдап, бірге әрекет етуі қажет, бұл әр адамды жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді. 

Яндекс.Метрика