Қашықтықтан оқыту технологиясы сұрақтары бойынша call-центр номері +7 (7172) 798-570
Қашықтықтан оқыту технологиясы сұрақтары бойынша электронды почта адресі Support@balletacademy.kz
Білім алушыларға, ата-аналарға және оқытушыларға психологиялық қолдау көрсету орталығы телефон номері +7 (7172) 790-848

Би әлеміне саяхат

2018 жылы 19 қараша күні Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының сахнасында сағат 19-00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концерті өтеді.

Сіздер әлем халықтарының таңғажайып билерімен таныса аласыздар. Концерт алғаш рет «Би Думан» биімен ашылады. Сахнадан артистердің ғажап биін тамашалай отырып, әр халықтың керемет және үйлесімді костюмдерімен танысасыздар.

Көрермендер сүйіп қалған ансамблдің балет артистері: Азамат Асқаров, Раушан Құндықова, Сұңкар Болат, Дінмұхаммед Кахарбеков, Мақпал Нанаева, Ескендір Тергемисов, Лаура Үркінбаева, Ержан Сарманов, Ғазиз Жәнібеков, Венера Фахретдинова, Денис Витченко және тағыда басқалары өз өнерін көрсетеді және де Грозный қаласындағы Махмұд Эсамбаев атындағы Халықаралық би конкурсының Гран-При жүлдегері – Ернұр Қарықболдың өнерін тамашалайсыздар.

Концерттің жүргізушісі Халықаралық конкурстарының лауреаты – Қуат Ыдырысқалиев.

Гүлсәуле Орумбаева – ансамблдің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері: «Салтанат» би ансамблі ұлттық фольлорлық хореография мұрасын ұқыптылықпен сақтап, құрметтейді, бірегей образдар тудыра отырып, халық биін дамыту мен байытуды жалғастырады. Біздің көрермендеріміздің қолдауы жаңа шығармашылық туындарына себепкер».

«Салтанат» би ансамблінің шығармашылығы – бұл бидің ерекше және түсінікті тілі, көркем бейненің қуаты, импровизация, құштарлық пен энтузиазм, орындаушылық шеберлігінің нағыз табиғатын танытады.

Яндекс.Метрика