Астанада «Күлтегін» атты жаңа мультфильмнің қайырымдылық көрсетілімі өтті

Астанада жаңа «Күлтегін» атты анимациялық фильмнің арнайы коррекциялық мектептер мен аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық көрсетілімі өтті. Іс-шара «Аяла» қайырымдылық қорымен бірлесе өткізілді. Шара барысында балаларға естелік сыйлықтар мен тәтті тағамдар берілді.  

Жас режиссер-аниматор Адай Әбілданың қолынан шыққан аталмыш тарихи анимациялық туынды көшпенді халықтардың басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің балалық шағы туралы баяндайды. 

– «Күлтегін» фильмі ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерлігі, бірлігі мен ауыз біршілігі туралы. Күлтегін- бұл тұтас бір дәуірдің тарихи тұлғасы. Сондықтан да біздің басты мақсатымыз – сол кездегі мәдениетті  ашып көрсету ғана емес, сонымен қатар мультипликация арқылы жас көрермендеріміздің тарихқа деген қызығушылығын арттыру, – деді Адай Әбілда. 

Сонымен қатар, бұған дейін киностудия Алматы әкімшілігінің ықпалдастық етуімен Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған көрсетілім өткізген. Аталған шараға актерлер Санжар Мәдиев, Төлепберген Байсақалов, Азамат Қанапия, Динара Бақтыбаева және Мадина Есманова қатысқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Күлтегін» анимациялық фильмі 22 қарашадан бастап кинотеатрларда.

Фильм туралы:Ұлы түрік мемлекетіне ыдырау қауіпі төнеді. Түркілердің бірлігін сақтап қалан Ұлы Елтеріс қаған жаңа мемлекетті құруды көздеген сатқындардың қолынан мерт болады. Тақтың мұрагері Елтерістің ұлы 12 жасар Күлтегін қашып құтылады. Өзінің туған жеріне оралу үшін ол көптеген қиындықтарды басынан өткізеді. Бұл жолда оған түркілердің жебеушісі Көк Бөрі мен туған бауыры Білге көмекке келеді. Басы біріккен олар жауды жеңіп түркі ілемін құтқарып алады. Білге қағанды таққа отырғызған Күлтегін түркі мемлекетінің әскери қолбасшысы атанады. 

Ұзақтығы: 60 минут

Тілі:қазақ тілінде

Қоюшы режиссер: Адай Әбілда

Сценарий авторлары: Адай Әбілда, Жәнібек Нұрбекұлы

Қоюшы суртшілер:Қасиет Сақиолла, Жәнібек Нұрбекұлы, Адай Әбілда

Композиторы:Әсет Дәненов

Дыбысрежиссері: Евгений Селюков

Редакторы:Салтанат Дүнгенбаева

Кеңесшілер: Тамара Мұқанова, Едіге Тұрсынов

Продюсер: АдайӘбілда

Директоры:Айбике Рақымжанова

Аниматорлар:АбзалИнсебаев, Қуаныш Нағгыз, Мейіржан Төлепбай, Шаттық Тұрсынали, ҚасиетСақиолла, ЕрмекМананбаев, ЖақсыбекКәміл, Бағдар Жынсабек, Қали Бақытхан, ГүлжанҚаділбек, Мариям Қалибек, ТемірланКенжеғалиев, КұнанбайӘбелдинов, Жанәділ Байдарбек, ШыңғысСапар

Рөлдерді дыбыстаған: Мерей Әжібеков, АзаматҚанапия, БақытжанЖармұхамбетов, ГүлназӘуесбаева, Руслан Ахметов, Динара Әбікеева, НүкетайМышбаеважәне басқалары. 

Режиссер туралы:

Абай Әбілда Павлодар облысында дүниеге келді. 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Режиссер-аниматор, өнертану магистрі, «Astana film» ЖШС құрылтайшысы және директоры, Мемлекеттік «Дарын» жастар жүлдесіні лауреаты, халықаралық «Жастар»  шығармашылық жастар фестивалінің лаураеаты, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі. 

Фильмографиясы: «Қоңырау» (2009 ж.), «Мико» (2009 ж.), «Аңшы» (2010 ж.), «Көкбалақ» (2011 ж.), «Жерұйық» (2013 ж.), «Кілем үстіндегі қала» (2014 ж.), «Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі, «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмі (қоюшы суретші).

Жүлделері: «Үздік студенттік жұмыс» («Шәкен жұлдыздар» ХКФ, 2009), «КРОК» фестивалінің жүлдесі (Мәскеу, 2010),«Ислам киносы» фестивалінің жүлдесі (Казань, Татарстан, 2011), «Бастау»ХКФ бас жүлдесі(Алматы,2011),  «Карлыгаш»кинофестивалінің жүлдесі(Алматы, 2016).

Яндекс.Метрика