Астанада «Архивті цифрландыру: дамудың жаңа траекториясы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

15 қараша, 2018. ҚР Ұлттық архиві Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңның қабылдануына 20 толуына байланысты «Архивті цифрландыру: дамудың жаңа траекториясы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция пленарлық отырыс және дөңгелек үстел, панельді дискуссия форматында өтеді, конференция аясында архивтер қызметінде цифрландыру, Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер, архив құжаттарын сақтаудың және есепке алудың концептуальды негіздері, жеке тектік құжаттарды қалыптастыру, сонымен қатар электронды құжаттарды сақтауда туындайтын мәселелер мен оларды шешудің жолдары төңірегінде сұрақтар талқыланады.

Конференция барысында басқарма органдарда электрондық құжатайналым жүйесін енгізу мен дамыту, мемлекеттік органдарда электронды архивтерді жасағанда және қолданысқа енгізгенде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру сұрақтары, электрондық құжатайналым жүйесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты, т.б. принциптер талқыланады.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстанның облыс, аудан, республикалық маңызы бар қалаларынан келген жетекші сарапшылар және архив ісінің майталмандары, ҚР БҒМ ҒК «Мемлекет тарихы институты» және еліміздің жетекші жоғарғы оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатысады.

Яндекс.Метрика