Астанада «Айка» көркем фильмінің қазақстандық премьерасы өтті

Астанада Kinopark 8 Imax  Saryarka («Сары-Арқа» СҮ) кинотеатрында Канн кинофестивалі мен «Ника» сыйлығының лауреаты Сергей Дворцевойдың «Айка» көркем фильмінің премьерасы өтті.

Фильмде Мәскеудегі қырғыз мигрант қызының тағдыры туралы баяндалады. Ол Мәскеуде заңсыз жұмыс істеп, бала босанып, оны перзентханаға тастап кетеді. Уақыт өте келе әйел баласын қайтаруды ойлап, өмірдің қиындықтарына тап болады.

Фильм Қазақстан Республикасы атынан американдық киноакадемиясының «Оскар» сыйлығына ұсынылды.

Фильмде басты рөлді Халықаралық Канн-2018 кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі үшін» жүлдесіне ие болған қазақтың атақты актрисасы Самал Еслямова сомдайды. 

Мигранттардың өмірі жайлы драма өндірісіне Қытай, Ресей, Германия, Польша және Қазақстан елдері атсалысты.  Ұзақтығы 105 минут.

Сценарий авторы: Сергей Дворцевой, Геннадий Островский

Қоюшы-режиссер: Сергей Дворцевой

Қоюшы-оператор: Иоланта Дылевска

Продюсерлері: Гульнара Сарсенова, Сергей Дворцевой, Танассис Каратанос, Анна Выдра, Луна Вонг, Чжу Ли, Мартин Хампель

Монтажерлер: Сергей Дворцевой, Петар Маркович

Рөлдерде: Самал Еслямова, Сергей Мазур, Жипаргуль Абдилаева, Слава Агашкин, Давид Алавердян, Асхат Кучинчиреков, Андрей Калядов

Фильм режиссері: Сергей Дворцевой

Сергей Дворцевой 1962 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Никита Михалковтың «Ника» сыйлығының лауреаты. Әлемдік деңгейдегі мамандарды мойындатқан киноны түсірген ол бұған дейін, «Трасса», «В темноте» деректі фильмдер мен қысқа метражды «Счастье», «Хлебный день» кино туындыларын түсіріп, көптеген халықаралық фестивальдар мен байқаулардың қатысушысы атанған. Ал 2008 жылы «Тюльпан» фильмі Канн кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» аталымы бойынша марапатталған.

2018 Айка

2008 Тюльпан 

2004 В темноте (док.)

1999 Трасса (док.) 

1998 Хлебный день (док., диплом)

1995 Счастье (к/м)

Фильм наградалары:

– 71-ші Канн халықаралық кинофестивалінің (Франция) Алтын пальма бұтағы – жүлде ең үздік әйел рөлі үшін

 – Котбустағы 28-халықаралық кинофестивальдің бас жүлдесі, бас жүлдеден басқа әділқазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды;

– Filmex  Токио кинофестивалінің бас жұлдесі (Жапония);

– Анталияда өткен халықаралық кинофестивальде «Үздік актриса» (Түркия);

– Америка кинематографиялық өнер және ғылым академиясының 91-сыйлығының тізімі.

«Айка» фильмі Қазақстан тарапынан «Оскар» сыйлығына үміткерлер тізімін «Үздік шетелдік фильм» номинациясына ұсынылды.

Яндекс.Метрика