Алматыда Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеттің отырысы өтті

2019 жылдың 24 қаңтарында Алматыда Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеттің отырысы болды.

Кездесу ЮНЕСКО Комитетінің мүшесі, «Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптары» номинациясының авторы Елена Хорошты еске алумен басталды. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Изанова Динара Төлегенқызы және Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының мәдениет саласы бойынша маманы Айгүл Халифова құттықтау сөз сөйледі. Комитеттің Төрағасы Ханзада Есенова 2018 жылға арналған материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеттің қорытындысы бойынша баяндап берді. Кездесуде қатысушылар комитет жұмысының басым бағыттарын, алдын ала ұсынылатын тақырыпты Ұлттық тізімнен адамзаттың МЕММ репрезентативті тізіміне дайындауды талқылады.

Кездесуге 2018 жылдың қарашасында ЮНЕСКО-да адамзаттың МЕММ тізіміне енген «Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптары» номинациясының ұйымдастырушысы,  «Ұлытау» қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов қатысып, қорық-мұражай қызметкерлері Эмма Усманова, Ахмет Тоқтабай және Бақтияр Қожахметов Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ның Ұлттық комиссиясының алғыс хаттарымен марапатталды.

Яндекс.Метрика