Алматыда Академия оқушыларының концерті өтті

7 наурыз күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясының концерті өтті.

Концертте Академияның үздік қойылымдары көрерменге ұсынылды. Классикалық, ұлттық үлгідегі шетелдік және отандық хореографтардың жұмысын Академияның бастауыш және жоғары сынып оқушылары орындады. Жаңа қойылымдар арасында белгілі хореограф Стефан Жеромскидің “This place was a shelter” нөмірі болды. Қойылымды Даянхан Құмаров пен Рустам Чахалов орындады. Сондай-ақ, София Әділханова хореограф Ксения Звереваның “Shelter” композициясын орындады. Ал бастауыш сынып оқушылары ресейлік хореограф Дмитрий Пимоновтың Рондо “Surprise” қойылымын ұсынды.

Жас өнерпаздардың кеш қонақтары мен отандық би өнерінің майталмандарынан алған жоғары бағасы ары қарай дамуына, балет өнерінде өзіндік жолын қалыптастыруына бастау болары сөзсіз.

Яндекс.Метрика