Академия тәрбиеленушілері «Тәуелсіздік ұрпақтары» Жастар жылын қолдайды

23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар жылының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерге прогресивті қазақстандық жастардың танымал және талантты өкілдері: «100 жаңа тұлға» конкурсының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, өнер қайраткерлері спортшылар, бизнесмендер, дарынды балалар қатысты.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жастардың әртүрлі қызмет салаларында жеткен жетістіктерінің үлкен маңызын атап өтті:
«Біз басты жетістігіміз – біз жаңа буын өкілдерін – сіздерді тәрбиелеп өсірдік. Мен көріп отырған, мен білетін қазақстандықтардың жаңа буыны – бұл Қазақстанның жаңа буыны және менің мемлекет басшысы ретіндегі еңбегімнің үлкен жетістігі деп білемін», – деді Назарбаев.
Президент мемлекет тарапынан жастарды қолдаудың негізгі бағыттарын атап өтті: білім беру, жұмыспен қамту, қол жетімді тұрғын үй және отбасылық қарым-қатынастар.
Академия тәрбиеленушілері мен профессор-оқытушылар құрамы «Тәуелсіздік ұрпақтары» Жастар жылына белсенді қолдау көрсетеді және Қазақстанның гүлденуіне өз үлесін қосуға ұмтылады.

Яндекс.Метрика