Академияда басшыларға арналған семинар-тренинг өтеді

31 қаңтардан 2 ақпан аралығында Академияда Алматы менеджмент университеті өкілдерінің (AlmaU) және стратегиялық менеджмент және қызметкерлерді басқару саласындағы сарапшылардың қатысуымен басшылық құрамға арналған семинар-тренинг өтті.

Спикерлер ретінде сөз сөйлегендер: AlmaU ректор, э.ғ.к., мемлекеттік басқару магистрі (MPA) Гүлмира Қорғанбаева, AlmaU бірінші проректоры, ф.ғ.д., білім беруді дамыту институтының директоры Алмагүл Қанағатова, ғ.к. «доцент-зерттеуші», бизнес тренер “Design Thinking Lead” Альбина Сәлімбаева, сонымен қатар жеке коуч, еңбек қатынастары және қызметкерлерді басқару саласындағы сарапшы Ербол Исмаилов.

Семинар-тренинг команда құруды қалыптастыруға, таланттарды, білім беру ұйымындағы өзгерістер мен инновациялық процестерді басқаруға, жеке капиталдандыру мәселелерін қарастыруға, заманауи басқарушының және оқытушының ойлауын дамытуға бағытталған.

Қызметкерлердің басқару дағдыларын жетілдіру және қызмет тиімділігін арттыру мақсатында іс-шараға Хореография академиясы мұрындық болды.

Яндекс.Метрика